https://sputnik.kz/20230905/aqmola-oblysynda-sibir-zharasyn-zhuqtyrgandar-sany-osti-38179665.html
Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны өсті
Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны өсті
Sputnik Қазақстан
Індет жұқтырған бір адамның жағдайы ауыр 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T07:34+0500
2023-09-05T07:34+0500
2023-09-05T07:35+0500
ақмола облысы
жұқпалы аурулар
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_99474ee8b233a8adb9f4325fedc8f6ff.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысының Жарқайың ауданында сібір жарасын жұқтырған науқастардың саны 14-ке жетті. Барлығы Есіл ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды КТК. Ал карантинге жабылған Үшқарасу ауылында "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мемлекеттік мекемесі жұмыс істеп жатыр. Елді мекендегі қора-қопсы, мал жайылған жерлерге дейін залалсыздандырылып, төрт түлік мал мен шошқаға дейін күйдіргіге қарсы шетінен егіп жатыр. Үшқарасу ауылында сойылған ауру мал еті 50 шақырым жердегі Есіл қаласына да жеткен. Серіктестік жұмысшысы жалақы есебінен алған үлесін отбасына беріп жіберген. Тамаққа туралған шикі еттің тұзын көрген әйелі де сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қазір жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Ондағы науқастардың аяқ-қолын жара басып, күп болып ісіп кеткен. 52 жастағы азаматтың халі ауыр. Ал 30-ға тарта тұрғыны бар Үшқарасу ауылы толық карантинде. Карантин жарияланған Үшқарасу ауылына үш шақырым жерден жақындай алмайсың. Арнайы бекет қойылып, полиция мен дезинфекция жасағы күзетіп тұр. Әрі-бері өтуге тыйым салынған. Дәрігерлер, мал дәрігерлері бұл жерден жұмысқа аса қажеттілік үшін ғана көлікпен өте алады. Оның өзінде эпизоотияға қарсы жасақ дезинфекция жасап, әбден залалсыздандырып барып сыртқа шығарады. Азық-түлік жеткізу де дәл солай қатты қадағалауда. Мал дәрігерлерінің айтуынша, серіктестікте өлген қара малдың біреуінен ғана сібір жарасы анықталған. "Ауырып өлгені бар, одан кейін пышаққа іліккені бар, барлығы 30 бас. Соның төртеуі қоғамдық тамақтану мекемелеріне өткен. Бір жарым бастың етін, 536 келіні, қайтарып алдық. Соның ішінде ауру мал өтіп кеткен. Біздің зерттеулер аяқталған соң барып қана айта аламыз. Негізі, мал дәрігерлері бұл малдардың барлығын еккен", - дейді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.Әзірге бұл маңда бұрын-соңды болмаған аса қауіпті дерт – сібір жарасының қайдан келгені белгісіз. Ауылда Астанадан республикалық эпизоотияға қарсы отряд келіп жұмыс істеп жатыр. Егумен қатар, қора-қопсы, ауыл маңы залалсыздарылуда.
https://sputnik.kz/20230902/densaulyq-saqtau-ministrligi-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-mal-etine-qatysty-pikir-bildirdi-38135198.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748065_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_2c0ad164022f2ddbaf2db8a648a1430a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жұқпалы аурулар
ақмола облысы, жұқпалы аурулар
Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны өсті
07:34 05.09.2023 (жаңартылды: 07:35 05.09.2023) Індет жұқтырған бір адамның жағдайы ауыр
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысының Жарқайың ауданында сібір жарасын жұқтырған науқастардың саны 14-ке жетті. Барлығы Есіл ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды
КТК. Ал карантинге жабылған Үшқарасу ауылында "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мемлекеттік мекемесі жұмыс істеп жатыр. Елді мекендегі қора-қопсы, мал жайылған жерлерге дейін залалсыздандырылып, төрт түлік мал мен шошқаға дейін күйдіргіге қарсы шетінен егіп жатыр.
Үшқарасу ауылында сойылған ауру мал еті 50 шақырым жердегі Есіл қаласына да жеткен. Серіктестік жұмысшысы жалақы есебінен алған үлесін отбасына беріп жіберген. Тамаққа туралған шикі еттің тұзын көрген әйелі де сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қазір жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Ондағы науқастардың аяқ-қолын жара басып, күп болып ісіп кеткен. 52 жастағы азаматтың халі ауыр.
"Инфекциялық бөлімшеде 14 науқас жатыр. Оның ішінде 13 адамның жағдайы орташа. Бір адам ауыр халде. 10 адамның анализі оң, қалған төртеуінікі күтіп отырмыз. Ауруханада негізінен серіктестік жұмысшылары жатыр. Бақташылар, жүргізушілері және олармен қарым-қатынаста болғандар", - дейді Атбасар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұхтар Томтаев.
Ал 30-ға тарта тұрғыны бар Үшқарасу ауылы толық карантинде. Карантин жарияланған Үшқарасу ауылына үш шақырым жерден жақындай алмайсың. Арнайы бекет қойылып, полиция мен дезинфекция жасағы күзетіп тұр. Әрі-бері өтуге тыйым салынған.
Дәрігерлер, мал дәрігерлері бұл жерден жұмысқа аса қажеттілік үшін ғана көлікпен өте алады. Оның өзінде эпизоотияға қарсы жасақ дезинфекция жасап, әбден залалсыздандырып барып сыртқа шығарады.
Азық-түлік жеткізу де дәл солай қатты қадағалауда. Мал дәрігерлерінің айтуынша, серіктестікте өлген қара малдың біреуінен ғана сібір жарасы анықталған.
"Ауырып өлгені бар, одан кейін пышаққа іліккені бар, барлығы 30 бас. Соның төртеуі қоғамдық тамақтану мекемелеріне өткен. Бір жарым бастың етін, 536 келіні, қайтарып алдық. Соның ішінде ауру мал өтіп кеткен. Біздің зерттеулер аяқталған соң барып қана айта аламыз. Негізі, мал дәрігерлері бұл малдардың барлығын еккен", - дейді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.
Әзірге бұл маңда бұрын-соңды болмаған аса қауіпті дерт – сібір жарасының қайдан келгені белгісіз. Ауылда Астанадан республикалық эпизоотияға қарсы отряд келіп жұмыс істеп жатыр. Егумен қатар, қора-қопсы, ауыл маңы залалсыздарылуда.