https://sputnik.kz/20230904/qostanayda-eki-student-qyz-10-zhylga-sottaluy-mumkin-38159895.html
Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін
Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды таратқан 04.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-04T10:27+0500
2023-09-04T10:27+0500
2023-09-04T10:27+0500
қостанай
студент
сот
есірткі
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжінің екі студентіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатумен айналысты, деп хабарлайды Алау порталы.Сот материалдарына сәйкес, 3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды Қостанайда ғана емес, Петропавл қаласына дейін барып сатқан. Екеуі қаңтар айында ұсталды. Олар психотроптық заттардың буып-түйіп, үйлердің кіреберістеріне, пошта жәшіктеріне және тағы басқа жасырын жерлерге тығып таратқан. Осылайша, төрт ай бойы табыс тапты.Олардың "Кураторы" да болған. Ол бәрін қашықтан басқарып, мессенджерлер арқылы тапсырып беріп отырған.Студент қыздарды ұстау кезінде 50 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерден тағы 192 грамм синтетикалық есірткі шықты. Заң бойынша тәркіленген есірткі заттары ірі көлем болып саналады.Екі студент қызға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20230327/tramadol-esirtki-zattarynyn-tizimine-engizildi--ministrlik-eskertu-zhasady--33285949.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, студент, сот, есірткі
қостанай, студент, сот, есірткі
Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін
3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды таратқан
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжінің екі студентіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатумен айналысты, деп хабарлайды
Алау порталы.
Сот материалдарына сәйкес, 3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды Қостанайда ғана емес, Петропавл қаласына дейін барып сатқан. Екеуі қаңтар айында ұсталды. Олар психотроптық заттардың буып-түйіп, үйлердің кіреберістеріне, пошта жәшіктеріне және тағы басқа жасырын жерлерге тығып таратқан. Осылайша, төрт ай бойы табыс тапты.Олардың "Кураторы" да болған. Ол бәрін қашықтан басқарып, мессенджерлер арқылы тапсырып беріп отырған.
Студент қыздарды ұстау кезінде 50 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерден тағы 192 грамм синтетикалық есірткі шықты. Заң бойынша тәркіленген есірткі заттары ірі көлем болып саналады.
Екі студент қызға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.