Трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілді – министрлік ескерту жасады

© Sputnik / Абзал КалиевДәріхана
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі трамадол препараты есірткі заттарының тізіміне қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дәріханада сатылатын трамадол психотроптық анальгетик болып саналады. Оны есірткіге тәуелді адамдар эйфорияға түсу үшін қолданып жатады. Енді ондай дәріні тек арнайы лицензиясы бар дәріханалар мен емдеу ұйымдары ғана сатады. Дәрігердің рецепті болуы шарт.
Министрліктің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, трамадолдың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Жазаның ауырлығы дәрінің мөлшеріне қарай анықталады.
"0,1 грамға дейін аз мөлшер, 10 грамға дейін ірі, ал одан жоғары аса ірі көлемде болып саналады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Тұрлыбек апталық брифингте.
Бұдан бөлек, трамадолды жарнамалағандарға жаза қарастырылған.
Жаңалықтар
0