Саясат

Нұржан Нұржігітов су ресурстары министрі болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Бұған дейін ол Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Президент жаңадан құрылған су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысын тағайындады.
"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте президент жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылды. Олардың арасында су ресурстары және ирригация министрлігі бар.

Нұржан Нұржігітов туралы не білеміз

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.
1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданының әкімі болды.
2021 жылы сәуірде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ал 2022 жылғы сәуірден бүгінге дейін Жамбыл облысын басқарды.
Водосброс на ГЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023
Су мәселесімен айналысатын жаңа министрлік құрылады
Жаңалықтар
0