https://sputnik.kz/20230901/su-maselesimen-aynalysatyn-zhana-ministrlik-qurylady-38099688.html
Су мәселесімен айналысатын жаңа министрлік құрылады
Су мәселесімен айналысатын жаңа министрлік құрылады
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейді 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T10:57+0500
2023-09-01T10:57+0500
2023-09-15T09:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстан халқына арналған жолдау
су
президенттің қазақстан халқына жолдауы - 2023
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.Айтуынша, су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет.Тоқаев су үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екенін атап өтті. Айтуынша, онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Ал талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады.Сонымен қатар министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейді. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. "Қазсушар", "Нұра топтық су құбыры" және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады, деп толықтырды мемлекет басшысы."Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек. Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын", - деді ол.
https://sputnik.kz/20230823/qazaqstannyn-su-maselesine-qatysty-talaby-zhoq--qyrgyzstannyn-su-resurstary-qyzmeti-37891625.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан халқына арналған жолдау, су
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан халқына арналған жолдау, су
Су мәселесімен айналысатын жаңа министрлік құрылады
10:57 01.09.2023 (жаңартылды: 09:48 15.09.2023) Сонымен қатар министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Айтуынша, су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет.
"Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың "көлеңкелі" нарығы түбірімен жойылуға тиіс", - деді президент.
Тоқаев су үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екенін атап өтті. Айтуынша, онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Ал талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады.
Сонымен қатар министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейді. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. "Қазсушар", "Нұра топтық су құбыры" және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады, деп толықтырды мемлекет басшысы.
"Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек. Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын", - деді ол.