https://sputnik.kz/20230904/mangystauda-su-tuschytu-zauytynyn-qurylysy-bastaldy-38157368.html
Маңғыстауда су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Маңғыстауда су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Зауыт Жаңаөзен халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді 04.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-04T08:42+0500
2023-09-04T08:42+0500
2023-09-04T08:42+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
су
зауыт
жаңаөзен
жаңалық
https://sputnik.kz/img/04/25/042508_0:150:3077:1880_1920x0_80_0_0_8e75b16f236562b97c7e8e03efe4395c.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңа су тұщыту зауытының құрылысы басталды. Жоба президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Зауыт Қарақия ауданы Тоқмақ жерінде салынады. Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын зауыт Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.Жобаны "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес мекемесі – "Өзенмұнайгаз" әзірлеген.Әкімдіктің ақпаратынша, су тұщыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орнын ашады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылады.Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылы көктемде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230901/su-maselesimen-aynalysatyn-zhana-ministrlik-qurylady-38099688.html
маңғыстау облысы
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/04/25/042508_41:0:2772:2048_1920x0_80_0_0_116f0a8dac96391554f73c3ca4dc85c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, су, зауыт, жаңаөзен, жаңалық
маңғыстау облысы, су, зауыт, жаңаөзен, жаңалық
Маңғыстауда су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Зауыт Жаңаөзен халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңа су тұщыту зауытының құрылысы басталды. Жоба президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Зауыт Қарақия ауданы Тоқмақ жерінде салынады. Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын зауыт Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Жобаны "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес мекемесі – "Өзенмұнайгаз" әзірлеген.
"Бұл жоба "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырынан су тарта отырып, Жаңаөзен қаласы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативті әсер етеді. Сондай-ақ халыққа жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал болады, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Әкімдіктің ақпаратынша, су тұщыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орнын ашады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылады.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылы көктемде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланып отыр.