Қонаевта балаларының туған күніне көкпар ұйымдастырған ер адам кешірім сұрады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиКокпар
Кокпар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. 2 қыркүйек күні кешке Конаевта жылқы мінген шабандоздар республикалық маңызы бар тас жолға шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.
Үлкен тас жол үстіндегі қауіпті жағдайды куәгерлер түсіріп алған. Бұл туралы Алматы облысының полиция басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідег парақшасында мәлімдеді.
Полицейлер анықтағандай, К. есімді ер адам балаларының туған күніне орай қала шетінде көкпар ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары да қатысқан.
Шараны ұйымдастырушы мен қатысушылар анықталып, Қонаев полициясы бөліміне жеткізілді. Барлық тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 5-бөлігінің 434, 406, 590-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.
Дәулет Тұрлыханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Дәулет Тұрлыханов бірнеше адамды соққыға жыққан ұлы үшін кешірім сұрады
Жаңалықтар
0