https://sputnik.kz/20230902/qazaqstan-agroonerkasip-kesheni-onimderinin-eksportyn-ulgaytty-38127599.html
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын ұлғайтты
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын ұлғайтты
Sputnik Қазақстан
Экспортқа шығарылатын үздік 5 өнім - бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа. 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T13:53+0500
2023-09-02T13:53+0500
2023-09-02T13:53+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28784062_0:96:1920:1176_1920x0_80_0_0_8b23584e5c14a381132de61cf573535a.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті ($2,6 млрд-тан $2,7 млрд-қа дейін), деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. "Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты $1,56 млрд болды, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 4,7%-ға көп ($1,49 млрд). Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты $80 млн құрады, бұл өткен жылдың 6 айының көрсеткішінен 18%-ға асып түсті (67,8 млн)", - делінген хабарламада. Өңделген өнімнің экспорты бірінші жартыжылдықта $1,1 миллиардқа жетті, бұл 2022 жылғы 6 айдағы көрсеткішінен 5%-ға көп ($1 млрд). Осы кезеңде агроөнеркәсіп кешені өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40,1%-ды құрады.Сыртқы нарықтарға жеткізілетін үздік 5 өнімге бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кіреді.
https://sputnik.kz/20230901/auyl-sharuashylygy-ministrligi-sibir-zharasy-turaly-qauesetti-zhoqqa-shygardy-38123515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28784062_112:0:1808:1272_1920x0_80_0_0_b646a9d653535da2c0766aec9765aa12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын ұлғайтты
Экспортқа шығарылатын үздік 5 өнім - бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа.
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті ($2,6 млрд-тан $2,7 млрд-қа дейін), деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты $1,56 млрд болды, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 4,7%-ға көп ($1,49 млрд). Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты $80 млн құрады, бұл өткен жылдың 6 айының көрсеткішінен 18%-ға асып түсті (67,8 млн)", - делінген хабарламада.
Өңделген өнімнің экспорты бірінші жартыжылдықта $1,1 миллиардқа жетті, бұл 2022 жылғы 6 айдағы көрсеткішінен 5%-ға көп ($1 млрд). Осы кезеңде агроөнеркәсіп кешені өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40,1%-ды құрады.
Сыртқы нарықтарға жеткізілетін үздік 5 өнімге бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кіреді.