Президент жаңа көлік министрлігінің басшысын тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік министрлігін қайта қалпына келтіруді тапсырған болатын
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.

Марат Қарабаевтың өмірбаяны

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 1987 жылы дүниеге келген. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінде сарапшы болып бастаған. Сол жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысып, жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінде сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, одан бас сарапшысы болды.
Үш жылдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысына барды. 2015-2017 жылдары кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.
2018 жылы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне келді. Бір жылдан кейін индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Алайда көп ұзамай, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
2021 жылдың ортасында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2023 жылдың қаңтарында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
4 проценттік автокредит: банктер "жоғары жақтың" шешімін күтіп отыр
Жаңалықтар
0