Балалар колониясында соғылған алғашқы қоңырау: қанша жасөспірім білім алып жатыр

© Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Алматыдағы балалар колониясында алғашқы қоңырау соғылды
Алматыдағы балалар колониясында алғашқы қоңырау соғылды

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Өткен оқу жылында сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыдағы балалар колониясында алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Балалар колониясында 1 қыркүйек – Білім күні салтанатты түрде атап өтілді.

"Бүгінгі күні біздің мекемеде 37 бала өз жазаларын өтеп жатыр. Соның ішінде барлығы 25 бала мектеп партасына отырады. Біздің мақсатымыз – балаларға сапалы білім беріп, оларды жарқын өмірге тәрбиелеу. Бұл орайда мекеме ішіндегі жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының еңбегі ерекше. Өткен оқу жылында сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырып, өздерінің жыл бойы алған білім сапаларының нәтижелі екенін дәлелдеген болатын", – деді мекеме басшысы Мирас Толубаев.

Республикадағы жалғыз балалар колониясындағы жалпы білім беретін мектептегі қазақ бөлімінде – 13, орыс бөлімінде – 12 бала білім алуда. Білім күніне арналған салтанатты мерекеде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, оқуға деген құштарлықтарын танытты.
Темір торға түскен балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Видео
"Ойымнан кетпейтін бір оқиға болды": Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Жаңалықтар
0