"Ойымнан кетпейтін бір оқиға болды": Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда бір балалар колониясы бар. Онда қазіргі күні 36 бала жазасын өтеп жатыр. Жасөспірімдердің жағдайы мен колонияның тыныс-тіршілігін Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы №11 мекеме – балалар колониясы. Мұнда адам өлтірген, қыз зорлаған, басқа да ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдер жазасын өтеп жатыр.
"Біздің мекемеде 36 бала жазасын өтеп жатыр. Көбінесе аса ауыр қылмыс және ауыр қылмыс жасағандар. Көбісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1,2 тармағымен және қыз зорлау ісі бойынша отыр. Жасөспірім болғандықтан көбінесе ашылып сөйлеседі. Жоқтықтан, әлеуметтік жағдайы болмағандықтан осындай күйге түскені туралы айтады", - дейді ҚР ҚАЖД "№11 мекеме" РММ басшысының орынбасары Дәурен Мәшімбаев.
© Sputnik/Ертай Сарбасов"№11 мекеме" РММ басшысының орынбасары Дәурен Мәшімбаев
"№11 мекеме" РММ басшысының орынбасары Дәурен Мәшімбаев
© Sputnik/Ертай Сарбасов
17 жастағы Ербол (аты-жөні өзгертілген) қызуқандылықпен кісіні пышақтап тастаған. Салдарынан 5 жыл 7 айға сотталып кете барған.
"Көшеде келе жатыр едім, бір ер адам масаң күйде маған тиісті. Былапыт сөздер айтып, намысыма тиді. Мен ашуланып кетіп, абайсызда пышақтап алдым. Қазір Аллаға шүкір ол адам тірі. Болашақтағы арманым – аман-есен бостандыққа шығып, ата-анамның үмітін ақтау. "Бауыры сотталған" дегізбей, бауырларым, туған-туысқандарым басын көтеріп жүретін деңгейге жету", - дейді Ербол.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ерболдың болашақтағы арманы – таэквандо жаттықтырушысы болу.
"Болашақта таэквандодан жаттықтырушы боламын. Бостандықта жүргенде осы спорт түрімен айналыстым. Замандастарым ата-ананың қадірін білсе деймін. Қазір көптеген жас болмашы нәрсеге ата-анасына айқайлап, ұрсып, үйден қашып кетіп жатады. Біз мына жақта отырып, үйде отыруға зар болып жүрміз", - дейді 17 жастағы сотталушы.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Мекемеде балалар күніне орай "Ашық есік" күні өтті. Негізі жылына 4 рет сотталушыларға ата-аналары келіп тұрады. Колония басшылығының айтуынша, "Ашық есік" күнін өткізудің де өз мақсаты бар. Ата-ана мен баланың арасын алшақтатпау, бостандыққа шыққанда қоғаммен еркін араласуына мүмкіндік беру. Ал дәл мереке күні мұнда ерекше шара болды. Сотталушылар ұстаздары мен ата-аналарына арнап, ән айтып, өлең оқыды. Анасына ыстық ықыласын жеткізіп, алғысын білдіргендердің бірі – Асқар есімді сотталушы. Оның темір торда отырғанына 2 жыл. Болашақ арманы – мұғалім болу.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
1/6
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
2/6
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
3/6
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
4/6
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
5/6
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
6/6

"Темір торда отыруыма балалар арасында төбелес себеп болды. Көшеде кезіп, ойын-күлкі, қызық қуып жүріп, осындай жағдайға тап болдым. Үйде көп отырмайтын едім, көшеге кетіп қала беретінмін. Енді Алла қаласа бұл жерден шығып, отбасыма көмектескім келеді. Мен 11-сыныпты бітірдім, емтихан тапсырамын. Емтиханнан кейін биология-химия пәнін таңдадым. Енді Алла бұйырып, жеңілдігін беріп, түсіп жатсам мұғалім болғым келеді", - дейді Асқар.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Биылғы оқу жылын колонияда жазасын өтеп жүрген 33 бала бітірді. Олардың арасында 9, 10-сыныптарда оқитындар да бар. Ал 11-сыныпты 15 түлек тәмамдады. Оның 9-ы сабағын жақсыға оқып бітірген. Колониядағы мұғалімдер қиындықтар болатынын айтады.
"Қиындықтар бар, өйткені отбасында ата-аналар көп көңіл бөлмеген. Қазір ата-ана біткеннің бәрі жұмыста, далада қаңғып қалған балалардың тәрбиесін түзеу біраз қиындық тудырады. Ал оқу жөніне келсек, сотталушылар тергеу изоляторында уақыт өткізіп алады. Ол жерде мектеп болмағандықтан оқу бағдарламасынан айтарлықтай артта қалып қояды. Сосын мектепке көп бармайтын, мұғалімді тыңдамайтын оқушыларды да сабақ оқуға үйретуге тура келеді", - дейді №3 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Әлиева.
© Sputnik/Ертай Сарбасов№3 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Әлиева
№3 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Әлиева
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Колонияда жазасын өтейтін жасөспірімдер саны азайған. Бұрын жеңіл қылмыспен де қамауда отыратын, қазіргі күні жеңіл қылмыс жасағандар шартты түрде сотталады. Ал темір торда жазасын өтеп жүрген 36 баланың бүгіні ғана емес, болашақтағы тағдыры да қызметкерлерді алаңдатады.
"Жасөспірімдермен жұмыс істеу өте қиын. Бұлардың ойында не бар екенін білмейсің. Бала 14-15 жасында келеді, 18 жасқа дейін психологиясы да, дене бітімі де өзгереді. Сол себепті бұл балалардың миында не бар екенін білмейміз. Мекемедегі психологтар мен мұғалімдердің бос уақыты болмайды, күнделікті сағат алтыға дейін жұмыс атқарамыз. Бір қуаныштысы соңғы 6 жылда бір де бір сотталушы мекеме ішінде тәртіп бұзған жоқ", - дейді мекеме басшысының орынбасары Дәурен Мәшімбаев.
Биыл алғаш рет колонияда жазасын өтеп жатқан тұлектер ҰБТ тапсырады деп жоспарланған. Егер жоспар жүзеге асып жатса, 6 сотталушы колония ішінде тест тапсырады. Арасында заңгер, мұғалім, спортшы, дәрігер болғысы келетіндер бар. Жалпы жыл басынан бері 10 сотталушы колониядан бостандыққа шыққан: 3 жасөспірім шартты түрде жазасын өтейді. 6 жасөспірімнің жазасы неғұрлым жеңіл түрге ауыстырылған. Ал 1 сотталушы мерзімін толық отырып шыққан.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Менің ойымнан кетпейтін бір оқиға болды, осында бір бала босап шықты. Еліне жетіп, туыстары қарсы алып, үйіне бара жатқан жолда қайтыс болды. Сол бір өте өкінішті жағдай болды. Өйткені үйіне жете алмай кетті. Әр жазасын өтеуші біздің баламыз, ініміз, бауырымыз. Бұлар бізге бөтен емес. Жалпы мұнда келетін балаларға үрке қараудың қажеті жоқ. Барлығы балалықпен балтасы тасқа тигендер. Небір талантты, білімді, алғыр балалар бар. Тек темір тордан шыққаннан кейінгі тағдыры жақсы болса екен дейміз", - дейді Дәурен Мәшімбаев.
"Ашық есік" күнінде Алматыдағы балалар колониясына алыстан бір әжей келді. Немересі балалар колониясына түскен. Жасөспірімнің темір торға тоғытылғанына небәрі 1 ай болыпты. Енді 7,5 жыл өмірін осы колонияда өткізбек. Қылмысы есірткімен байланысты болған.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
Алматыдағы колонияда 36 бала жазасын өтеп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Менің балапаным балалықпен осындай күйге ұшырады. Өзім күйзеліске түсіп, ауруханадан бір-ақ шықтым. Кеше колонияға келіп, екі сағат қасында болдым. Көзім жастан құрғар емес. Балалар мерекесінде құлыншағымды құттықтайыншы деп алыстан келдім. Колония қызметкерлері көңілді қарсы алды, бәрі сыпайы, мейірімді. Мен сияқты ата-аналарға ол да үлкен медеу ғой. Балаларға тілерім аман болсын, бірақ жаман болмасын. Осында отырып істеген әрекеттерін ойлансын, болашақта жақсы азамат болсын", - дейді әже.
Мұндағы айтылатын ең көп әрі, ізгі тілектің бірі – "Балалар ата-анасымен аман-есен қауышса екен. Қайтып сұп-сұр мекемеге сұр киіммен оралмаса екен!".