Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

© Photo : СС0 / Filip Kruchlik Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит берудің жыл сайынғы көлемі ұлғайтылды
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында премьер-министр үкімет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит берудің жыл сайынғы көлемі ұлғайтылды, сондай-ақ "Азық-түлік корпорациясы" арқылы форвардтық сатып алу 2 есеге артты. 2019-2022 жылдары салаға тартылған инвестициялар 25 мың жаңа жұмыс орнын құрып, 72%-ға 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
"Биыл агроөнеркәсіптік кешен саласында 6,6 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шамамен 540 млрд теңге сомасындағы 290 жоба іске асырылып жатыр. 2022 жылдың басынан бастап пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды", — деді Әлихан Смайылов.
"Ауыл аманаты"арнайы бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге, оның ішінде биыл 100 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 29 млрд теңге сомасында 5,3 мың шағын кредит беріліп, соның арқасында 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Сиыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Ауыл тұрғындарына 4,6 мыңнан астам шағын кредит берілді
Жаңалықтар
0