Ауыл тұрғындарына 4,6 мыңнан астам шағын кредит берілді

© Sputnik/Ляля ЛиловаСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында тұрғындардан 12 мыңнан астам өтінім қабылданды
АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. "Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына 4,6 мыңнан астам шағын кредит берілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысу үшін тұрғындардан 73 млрд теңгеге 12 мыңнан астам өтінім қабылданып, 25 млрд теңгеге болатын 4,6 мың шағын кредит берілді.
"Биыл жеңілдетілген шағын несиелеуге 100 млрд теңге бөлінді. Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейін. Қарыздың ең көп сомасы - 2,5 мың АЕК, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК дейін деп белгіленген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%. Бұл шаралардың барлығы ауылдық елді мекендерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
АШМ өкілдері қажеттілік туындаса, министрлік бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныспен шығатынын айтты. Жалпы, бағдарламаны іске асыруға 2029 жылға дейін 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Ауыл тұрғындарына, оның ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатындарға арналған басқа да несиелеу бағдарламалары бойынша лизингке жем-шөп дайындау техникасын сатып алу мүмкіндік бар. 2023 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың мобильді жүйелерін сатып алу және лизингке беру үшін 20 млрд теңге бөлді. Бұл ретте жылдық сыйақы мөлшерлемесі небәрі 6% құрайды. Лизинг мерзімі 10 жылға дейін, ал аванс техника құнының 15%-нан басталады.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жастарға арналған кредит: үкімет үш мыңнан астам жобаны мақұлдады
Жаңалықтар
0