https://sputnik.kz/20230831/mysty-qayta-ondeu-kolemi-49-protsentke-artty-38079263.html
Мысты қайта өңдеу көлемі 49 процентке артты
Мысты қайта өңдеу көлемі 49 процентке артты
Sputnik Қазақстан
2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T17:58+0500
2023-08-31T17:58+0500
2023-08-31T17:58+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29115638_0:75:800:525_1920x0_80_0_0_e0ec1d0dca77b7c1fd114d08465ee210.jpg
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда алюминийді қайта өңдеу көлемі 38%, мысты қайта өңдеу көлемі 49%-ке артты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Оның пікірінше, "Өнеркәсіптік саясат туралы" жаңа заң өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуына жол ашқан. Соңғы жылдары саланың орташа өсуі 4,5% болды. Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін барлық түсімнің 20%-ын құраған.Қайта өңдеушілерді бастапқы алюминиймен және мыс шикізатымен қамтамасыз ету үшін 25 келісімге қол қойылды. Бұл алюминийді қайта өңдеу көлемін 38%-ға және мысты қайта өңдеу көлемін 49%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді."2020 жылы құрылған Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 221 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібі жобалары қаржыландырылды. Өнеркәсіптік кооперацияға жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды", — деді премьер-министр.2019-2022 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 4,6 трлн-нан астам қаражатқа 586 жоба пайдалануға беріліп, 51 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде осы кезеңде өнеркәсіпте өңдеу үлесі 40%-тен 45,2%-ке дейін өсті.
https://sputnik.kz/20230717/kommunaldyq-zhane-onerkasiptik-qaldyqtardy-qayta-ondeu-kolemi-artady-36848718.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29115638_0:0:800:600_1920x0_80_0_0_73c6fa1aceb415ace89e5fa2edf9ef9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Мысты қайта өңдеу көлемі 49 процентке артты
2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда алюминийді қайта өңдеу көлемі 38%, мысты қайта өңдеу көлемі 49%-ке артты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Оның пікірінше, "Өнеркәсіптік саясат туралы" жаңа заң өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуына жол ашқан. Соңғы жылдары саланың орташа өсуі 4,5% болды. Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін барлық түсімнің 20%-ын құраған.
Қайта өңдеушілерді бастапқы алюминиймен және мыс шикізатымен қамтамасыз ету үшін 25 келісімге қол қойылды. Бұл алюминийді қайта өңдеу көлемін 38%-ға және мысты қайта өңдеу көлемін 49%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.
"2020 жылы құрылған Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 221 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібі жобалары қаржыландырылды. Өнеркәсіптік кооперацияға жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды", — деді премьер-министр.
2019-2022 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 4,6 трлн-нан астам қаражатқа 586 жоба пайдалануға беріліп, 51 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде осы кезеңде өнеркәсіпте өңдеу үлесі 40%-тен 45,2%-ке дейін өсті.