Батыс Қазақстанда тас жолда 20 тонна киім өртеніп кетті

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Жүк көлігінің рөлінде 25 жастағы Қырғызстан азаматы болған
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Самара-Шымкент тас жолының 311-ші шақырымында жүк көлігі өртеніп, 20 тонна киім жанып кетті, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Өрт 28 тамызда сағат 17:00 шамасында болған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда киім тиелген жартылай тіркеме өртеніп кеткен. Кейін өрт құрғақ шөпке ауысып, үш гектар жер өртенді.
"Тауардың салмағы шамамен 20 тонна тартқан. Фураның рөлінде 25 жастағы Қырғызстан азаматы болған. Ол Мәскеуге бет алған", - дейді портал.
Өрт сағат 22:00 шамасында толығымен жойылды. ТЖД-ның 14 қызметкері жұмылдырылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
Фура сбила мужчину - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Ақтөбе облысында кәмпит тиеген фура түгел жанып кетті
Жаңалықтар
0