Ақтөбе облысында кәмпит тиеген фура түгел жанып кетті

© Sputnik / СтрингерФура сбила мужчину
Фура сбила мужчину - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында жүк көлігінің тіркемесі өртенді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 18 мамырда болған.Самара-Шымкент автожолының 931 шақырымында "Volvo" жүк көлігі өртенді.
"Кондитерлік өнімдермен тиелген жүк көлігі Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына қарай бағыт алғаны анықталды. Қозғалыс кезінде көлік жүргізушісі тіркеменің өртеніп жатқанын байқап тоқтайды, басқа жүргізушілердің көмегімен тіркемені көліктен ажыратып үлгереді", - дейді ведомстводағылар
Тіркеме толығымен өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0