https://sputnik.kz/20230830/almatyda-18-metrlik-zhana-avtobustar-zholga-shygady-38056027.html
Алматыда 18 метрлік жаңа автобустар жолға шығады
Алматыда 18 метрлік жаңа автобустар жолға шығады
Sputnik Қазақстан
Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр 30.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-30T15:06+0500
2023-08-30T15:06+0500
2023-08-30T15:06+0500
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_cca2b335f1beeecf784097d4433d5330.jpg
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Алматыда 31 тамыздан бастап №38, 38а және №37 маршруттарына жаңартылған 18 метрлік 60 автобусты желіге шығару жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігі. Бұған дейін жылжымалы бірліктердің жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Автобустардың жаңартылуымен қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды. Айта кету керек, босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстыратын болады. Осылайша, №201 маршрутта 24 бірлік 18 метрлік автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейінгі уақытты құрайтын, жаңа автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін азаяды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр. 100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығарылып жатыр. Бұған дейін №24 және №125 маршруттардың жылжымалы бірліктері жаңартылған болатын. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230727/almaty-kuz-100-zhana-avtobus-zholga-shygady-37062853.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_fd1f95b9502d644d903df17eac9498e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
Алматыда 18 метрлік жаңа автобустар жолға шығады
Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Алматыда 31 тамыздан бастап №38, 38а және №37 маршруттарына жаңартылған 18 метрлік 60 автобусты желіге шығару жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігі.
Бұған дейін жылжымалы бірліктердің жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Автобустардың жаңартылуымен қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды.
Айта кету керек, босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстыратын болады.
Осылайша, №201 маршрутта 24 бірлік 18 метрлік автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейінгі уақытты құрайтын, жаңа автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін азаяды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр.
100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығарылып жатыр. Бұған дейін №24 және №125 маршруттардың жылжымалы бірліктері жаңартылған болатын. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланып отыр.