https://sputnik.kz/20230727/almaty-kuz-100-zhana-avtobus-zholga-shygady-37062853.html
Алматыда күзге дейін 100 жаңа автобус жолға шығады
Алматыда күзге дейін 100 жаңа автобус жолға шығады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус... 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T17:08+0500
2023-07-27T17:08+0500
2023-07-27T17:08+0500
өңірлер
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/1012/10/10121004_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_73d602eef998fe9a0833d2a1e9f8a407.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады, деп хабарлайды қала әкімдігі.Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толыққан, қалған 70-і жақын арада келеді."Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады", - делінген хабарламада.Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев биыл қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын мәлімдеді."Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халық шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз", - деді ол халықпен кездесуінде.Әкімдіктің ақпаратынша, қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.Алматыда барлығы 2 мыңнан аса автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20230726/elorda-alty-zhana-avtobus-marshruty-iske-qosylady-37023142.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1012/10/10121004_292:0:1253:721_1920x0_80_0_0_2ad4903a61d9f3f3fb72f4fe74f9d3fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толыққан, қалған 70-і жақын арада келеді.
"Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев биыл қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын мәлімдеді.
"Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халық шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз", - деді ол халықпен кездесуінде.
Әкімдіктің ақпаратынша, қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.
Алматыда барлығы 2 мыңнан аса автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.