https://sputnik.kz/20230828/toqaev-uqk-basshysyna-tapsyrma-berdi-38009782.html
Тоқаев ҰҚК басшысына тапсырма берді
Тоқаев ҰҚК басшысына тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 28.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-28T19:04+0500
2023-08-28T19:04+0500
2023-08-28T19:04+0500
қасым-жомарт тоқаев
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_a66b55e8eb8e24584faceaf8a50863c4.jpg
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндалды. Террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және 3 экстремист сотталды.Ермек Сағымбаевтың айтуынша, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды.Сонымен қатар, мемлекет басшысына криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз қару айналымына қатысы бар екі арна жойылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтады. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленді.Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленді.Бұдан бөлек, мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 257 құқық бұзушы ұсталды. Құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Сондай-ақ қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылды.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20230125/terrorizm-aktisi-turaly-zhalgan-khabar-taratqandar-ushin-zhaza-kusheytilui-mumkin-31441494.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_cffc8a42bc3e8cba3c1d8c68aa124984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитеті
қасым-жомарт тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитеті
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндалды. Террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және 3 экстремист сотталды.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз қару айналымына қатысы бар екі арна жойылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтады. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленді.
Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 257 құқық бұзушы ұсталды. Құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Сондай-ақ қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылды.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.