"АрселорМиттал Теміртау" шахтасынан тағы өрт шықты

© Sputnik / Дархан МусинЗдание шахтного управления "Саранская" компании "АрселорМиттал Темиртау"
Здание шахтного управления Саранская компании АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2023
Жазылу
Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында "Саран" шахтасынан өрт шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабардайды Sputnik Қазақстан.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Саран" шахтасында түнде өрт шықты. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.
"2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те "Саранская" шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.
Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес кенші қаза тапты.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
"Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеуге халықаралық сарапшылар тартылды
Жаңалықтар
0