"Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеуге халықаралық сарапшылар тартылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Жеті кіші комиссия өрттің пайда болу және даму себептерін анықтайды
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Оларды қазақстандық және халықаралық ұйымдар жүргізеді, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Арнайы комиссия мүшелері жұмысты ұйымдастыру барысы туралы айтып берді.
"Бүгінде өкімге сәйкес жеті кіші комиссия құрылды. Әртүрлі жүйелердің жұмысы, оның ішінде позициялау, апатты жою жоспарын жасау, конвейерлер мен тау-кен қазбаларының техникалық жай-күйінің жобалау-техникалық және нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігі және тағы басқа мәселелер зерттеледі. Міндет – өрттің пайда болу және даму себептерін анықтау", – деді ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Мұса Танабаев.
Оның айтуынша, жеті сараптама тағайындалды: "Горняк" оқшаулағыш өзін-өзі құтқарушыларының жұмысы, кеніш атмосферасын бақылаудың автоматты жүйесі, өрт-техникалық және т.б. өрт шыққан конвейердің таспа төсемі бойынша қорытынды алу қажет.
Қазақстандық сарапшылар жақын арада жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ Ресей мен Германиядан мамандар келеді.
Шахта Казахстанская в Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ – министрлік
Жаңалықтар
0