https://sputnik.kz/20230826/zhumysshysynyn-atyna-15-mln-tenge-kredit-rasimdegen-duken-iesi-ustaldy-37974985.html
Жұмысшысының атына 1,5 млн теңге кредит рәсімдеген дүкен иесі ұсталды
Жұмысшысының атына 1,5 млн теңге кредит рәсімдеген дүкен иесі ұсталды
Sputnik Қазақстан
1,5 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеп алған 26.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-26T19:44+0500
2023-08-26T19:44+0500
2023-08-26T19:44+0500
алаяқтық
алаяқ
түркістан облысы
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Түркістанда өз жұмыскерінің атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген дүкен қожайыны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 1,5 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеп алды.Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің жұмыс берушісі – дүкен иесі болып шықты. Кәсіпкер сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен қол астындағы қызметкерінің телефонынан алып, банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар я болмаса төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20230803/ridder-turgynynyn-atyna-kredit-rasimdegen-zhigit-ustaldy-37251188.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, алаяқ, түркістан облысы, кредит
алаяқтық, алаяқ, түркістан облысы, кредит
Жұмысшысының атына 1,5 млн теңге кредит рәсімдеген дүкен иесі ұсталды
1,5 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеп алған
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Түркістанда өз жұмыскерінің атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген дүкен қожайыны анықталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 1,5 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеп алды.
Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің жұмыс берушісі – дүкен иесі болып шықты. Кәсіпкер сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен қол астындағы қызметкерінің телефонынан алып, банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.
Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар я болмаса төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.