Риддер тұрғынының атына кредит рәсімдеген жігіт ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында алаяқ Риддер тұрғынының атына 760 мың теңгеге жуық қаражатқа кредит рәсімдеген, деп хабарлады Polisia.kz.
Шілде айының соңында Риддер қаласы полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адам мобильді қосымшаның көмегімен өзінің атына 759 970 теңге сомасында тауарлық несие ресімдеп, жоғалып кеткені туралы арыз түсірген.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Онда 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Полиция департаменті барлық азаматты мұқият және қырағы болуға, сондай ақ бірқатар қарапайым қауіпсіздік қағидасын есте сақтауға шақырды:
ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б.) жария етпеңіз;
өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу "102" арнасына хабарласыңыз.
Жаңалықтар
0