https://sputnik.kz/20230826/qyzylordada-auyl-oqushylary-akimdik-gimaratynda-oquga-mazhbur-37973159.html
Қызылордада ауыл оқушылары әкімдік ғимаратында оқуға мәжбүр
Қызылордада ауыл оқушылары әкімдік ғимаратында оқуға мәжбүр
Sputnik Қазақстан
Құлай бастаған мектептің орнына жаңа оқу ордасын салуға бюджеттен ақша бөлінбей қалған 26.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-26T16:37+0500
2023-08-26T16:37+0500
2023-08-26T16:37+0500
қызылорда облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/82/52/825280_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_7780de07915aef33f99d93ebc91ef75b.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысына қарасты Арал ауданындағы Тоқабай ауылында оқушылар жаңа оқу жылында мектепке емес, әкімдік ғимаратындағы партаға отыратын болды. Ол жерде әрбір сыныпқа бөлме бөліп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ауылда осыдан 8 жыл бұрын салынған жаңа мектепті бұзуға шешім қабылданған. Былтыр ол апаттық жағдайда тұрған нысан деп танылды. Облыстық прокуратура да тексеріс жүргізген.Ал құлай бастаған мектептің орнына жаңа оқу ордасын салуға бюджеттен ақша бөлінбей қалған. Осы мәселені демеушілердің есебінен шешу жоспарланып отыр.Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеген болатын."Арал ауданындағы Тоқабай ауылында жеке инвестордың есебінен жаңа мектептің құрылысы басталды. 500 миллион теңге тұратын оқу ордасы биыл тамыз айында пайдалануға беріледі", - деді Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Алайда жаңа мектеп жаңа оқу жылына дейін бітпей қалды. Бүгінде нысанның құрылысы қашан аяқталатыны белгісіз. Оған дейін балалар ауыл әкімі аппаратының ғимаратында білім алады.Айта кетері, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Арал ауданында төрт мектепті салу жоспарланып отыр. Соның ішінде Арал қаласындағы 300 орынға арналған екі мектеп, сондай-ақ, Жақсықылыш пен Сексеуіл ауылдарында салынатын мектептер де бар.
https://sputnik.kz/20230822/almaty-oblysynda-biyl-11-mektep-oqushylardy-qabylday-almaydy-37849033.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/82/52/825280_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_4e0aac27fd0213a00b64f0d2873fd50b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, мектеп
Қызылордада ауыл оқушылары әкімдік ғимаратында оқуға мәжбүр
Құлай бастаған мектептің орнына жаңа оқу ордасын салуға бюджеттен ақша бөлінбей қалған
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысына қарасты Арал ауданындағы Тоқабай ауылында оқушылар жаңа оқу жылында мектепке емес, әкімдік ғимаратындағы партаға отыратын болды. Ол жерде әрбір сыныпқа бөлме бөліп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауылда осыдан 8 жыл бұрын салынған жаңа мектепті бұзуға шешім қабылданған. Былтыр ол апаттық жағдайда тұрған нысан деп танылды. Облыстық прокуратура да тексеріс жүргізген.
"2015 жылы Тоқабай елді мекенінде жаңа мектеп салынған жерде инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде жер қабаты мен топырақтың құрылысқа жарамсыз екені анықталды", - дейді прокурорлар.
Ал құлай бастаған мектептің орнына жаңа оқу ордасын салуға бюджеттен ақша бөлінбей қалған. Осы мәселені демеушілердің есебінен шешу жоспарланып отыр.
Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеген болатын.
"Арал ауданындағы Тоқабай ауылында жеке инвестордың есебінен жаңа мектептің құрылысы басталды. 500 миллион теңге тұратын оқу ордасы биыл тамыз айында пайдалануға беріледі", - деді Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Алайда жаңа мектеп жаңа оқу жылына дейін бітпей қалды. Бүгінде нысанның құрылысы қашан аяқталатыны белгісіз. Оған дейін балалар ауыл әкімі аппаратының ғимаратында білім алады.
Айта кетері, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Арал ауданында төрт мектепті салу жоспарланып отыр. Соның ішінде Арал қаласындағы 300 орынға арналған екі мектеп, сондай-ақ, Жақсықылыш пен Сексеуіл ауылдарында салынатын мектептер де бар.