Алматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
10:20 22.08.2023 (жаңартылды: 10:43 22.08.2023)
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалыАлматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы
Жазылу
Алматы облысында үш ауысымды оқытатын 51 мектеп бар
АЛМАТЫ, 22 тамыз - Sputnik. Алматы облысында жөндеуден өтіп жатқан 11 мектеп жаңа оқу жылында оқушылардың қабылдай алмайды, деп хабарлайды "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны тек келесі жылы ғана пайдалануға беріледі .Соның бірі – Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы мектеп.
"Білім мекемесі 1960 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Мұнда 600-ге жуық бала оқып келген. Құрылысы жоспар бойынша келесі жылдың наурыз айында бітуі тиіс. Бірақ мердігер мекеме осы жылдың соңына дейін аяқтап береміз деп отыр. Оған дейін балалар осы елді мекендегі бұрынғы ескі мектепте оқиды", - дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев.
Күрделі жөндеу біткенше 640 оқушы №32 мектептің ескі ғимаратында оқитын болады.
Алматы облысында үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі өзекті. Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан осы мәселе бойынша көп мектепті аралап шықты.
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалыАлматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
Алматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы
"Былтырдан бері өңірлерді аралап келемін. Әр аймақта үш ауысымды мектептердің проблемасы бар. Облыстағы қала іргесінде тұрған мектептердің мәселесі күн тәртібінде тұр. Әсіресе Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле ауданында бұны жеделдетіп шешу керек. Өйткені, саяжайдағы азаматтар балаларын көршілес елді мекендегі мектептерге тасып әлек", – дейді депутат Жанарбек Әшімжанов.
Депутаттың айтуынша, облыс мектептері жаңа оқу жылына 100% дайын. Алайда кейбір мектептер тек екінші тоқсаннан бастап пайдалануға беріледі. Өйткені құрылыс жұмыстарын бітіріп үлгермейді.
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалыАлматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
Алматы облысында биыл 11 мектеп оқушыларды қабылдай алмайды
© Photo : "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы
Жаңа оқу жылында 43 мектептің бесеуі үш аусымда оқытуды жалғастырады. Жалпы, облыста үш ауысымды оқытатын 51 мектеп бар.