Қоғам

Қазақстанда полицейге бағынбай, күш қолданғандар қалай жазаланады

© Photo : Polisia.kzПолиция формасы
Полиция формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркелген
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғаны үшін қандай жаза қарастырылғанын айтты.
ІІМ ақпаратынша, кейде отбасылық зорлық-зомбылық кезінде жәбірленушіні "үй агрессорынан" құтқарамын деп, полицейлердің өзі жарақаттанып жатады.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мас ер адам үйінде жанжал шығарып, әйелі полиция шақырған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде "агрессор" өз үйінің ауласында оларға қарсылық көрсетіп, заңды талаптарға бағынбаған. Тіпті, қызметкерлердің бірін пышақпен жараламақ болған.
ІІМ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз өмірін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полицейлердің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда ірі айыппұлдан (2000 АЕК) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Егер қызмет барысында полицейлер заң бұзса, азаматтар шағымдануға құқылы.
Жалпы жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркелген. 109 адам түрлі жауапқа тартылды, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 792 құқықбұзушы қамауға алынды.
Қабаған ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2023
Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған
Жаңалықтар
0