https://sputnik.kz/20230624/atyrauda-mas-er-adam-qabagan-itti-politseylerge-aydap-salgan-36314300.html
Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған
Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде полицейлердің қоршауында тұрған ит жетектеген ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлады "Ақ Жайық" порталы. 24.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-24T18:38+0500
2023-06-24T18:38+0500
2023-06-24T18:38+0500
қабаған ит
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:165:2719:1694_1920x0_80_0_0_0d93cc1c79c9698c73e620289bcaa92e.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде полицейлердің қоршауында тұрған ит жетектеген ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлады "Ақ Жайық" порталы.Полиция қызметкерлерінің бірі итті таяқпен қатты ұрады, видео осы жерден аяқталады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.Баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымға қараған түні полицияға Атырау қаласының 24 жастағы тұрғынынан "Авангард-2" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгісіз азаматтың әйел мен оның 31 жастағы құрбысына стаффорд итін арандатқанын, төбет ер адамды тістеп алғанын анықтады. Содан кейін иттің иесі оқиға орнынан қашу үшін итті полицияға қарсы қолданған.Хабарламаға сәйкес, медициналық тексеру нәтижесінде ит иесінің мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкері иттің қабуы салдарынан бет жарақатын алды.Ит иесі заңды шара қолдану үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_f25ef0d324864c01d53191b226a6a75b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабаған ит
Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде полицейлердің қоршауында тұрған ит жетектеген ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлады
"Ақ Жайық" порталы.
Полиция қызметкерлерінің бірі итті таяқпен қатты ұрады, видео осы жерден аяқталады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымға қараған түні полицияға Атырау қаласының 24 жастағы тұрғынынан "Авангард-2" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгісіз азаматтың әйел мен оның 31 жастағы құрбысына стаффорд итін арандатқанын, төбет ер адамды тістеп алғанын анықтады. Содан кейін иттің иесі оқиға орнынан қашу үшін итті полицияға қарсы қолданған.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына ("Қызметкерлер өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда жануарлардың шабуылынан қорғау үшін атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануға құқығы бар") сәйкес арнайы құралдарды пайдалана отырып, ит залалсыздандырылды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, медициналық тексеру нәтижесінде ит иесінің мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкері иттің қабуы салдарынан бет жарақатын алды.
Ит иесі заңды шара қолдану үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.