Қоғам

Кентаудың экс-әкімі сотталды

Рашид Аюпов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Сот 2,8 млн доллар пара беруге итермеледі деп айыпталған бұрынғы әкімге үкім шығарды
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Кентаудың (Түркістан облысы) бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Антикор хабарлағандай, Аюпов он жыл бұрын премьер-министр кеңсесінде жұмыс істегенде, ірі жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңіп беруге уәде еткен. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астанадан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған.
Сот Аюповты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, деп жазады Otyrar.kz.
Сондай-ақ экс-шенеунік мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан жеті жылға айырылды.
Бұрынғы әкімнен жемқорлық қылмысынан тапқан 422 млн 800 мың теңге мемлекет кірісіне өндіріледі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Қоғам
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Жаңалықтар
0