https://sputnik.kz/20230518/kentau-eks-akim-tergeu-ayaqtaldy-35008641.html
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Sputnik Қазақстан
Экс-әкім 2013 жылы премьер-министр кеңсесінде істеп жүргенде ірі жекеменшік компанияның меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген
2023-05-18T08:55+0500
2023-05-18T08:55+0500
2023-05-18T08:55+0500
қоғам
пара
кентау
экс-әкім
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады.Антикордың ақпаратынша, экс-әкім 2013 жылы премьер-министр кеңсесінде істеп жүргенде ірі жекеменшік компанияның меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген. Алайда ақшаның барлығын өзіне қалдырып, бір бөлігіне Астанадан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған."Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланды. Ол тергеу сотының санкциясымен қамауда отыр", - деп мәлімдеді Антикор.Қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.
https://sputnik.kz/20230511/abylay-myrzakhmetov-para-ushin-ustaldy--antikor-34754808.html
кентау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кентау экс-әкім бұрынғы әкім пара антикор
кентау экс-әкім бұрынғы әкім пара антикор
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады.
Антикордың ақпаратынша, экс-әкім 2013 жылы премьер-министр кеңсесінде істеп жүргенде ірі жекеменшік компанияның меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген. Алайда ақшаның барлығын өзіне қалдырып, бір бөлігіне Астанадан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған.
"Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланды. Ол тергеу сотының санкциясымен қамауда отыр", - деп мәлімдеді Антикор.
Қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.