Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: сот істі қайтарып, жаңа тергеу тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневСуд по делу экс-министра здравоохранения Елжана Биртанова и его заместителя Олжаса Абишева
Суд по делу экс-министра здравоохранения Елжана Биртанова и его заместителя Олжаса Абишева - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
Праливетің айтуынша, қорғаушысы екі солдатты ұрғаны дәлелденбеген
АЛМАТЫ, 24 тамыз - Sputnik. Сотта мерзімді сарбаз Бекбол Мираштың өліміне айыпты деп танылған адамның адвокаты Сержан Пралиев жабық сот отырысының егжей-тегжейін айтып, істің жаңа тергеуге бағытталғанын атап өтті.
Бүгін Шымкент гарнизонының әскери сотында Жамбыл облысының "Шөлдала" шекара заставасындағы бөлімше командирі Айбек Нұртаевқа үкім шығарылды.
Сотталушының адвокаты Сержан Пралиевтің айтуынша, оның қорғаушысына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің төрт бабы жүктелген, бірақ ең ауыр екі боп бойынша толық ақталды.
"Ең бастысы, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" және 451-бабы, 2-бөлім "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бойынша менің қорғаушым ақталды. Ол 194-бап "бопсалау" бойынша кінәлі деп танылды, 10 мың теңге бопсалады, ал екі сарбазды басынан ұрғаны үшін 451-бап, 1-бөлім "Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша кінәлі деп танылды. Менің қорғалушым орташа қауіпсіздік колониясында 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Пралиевтің айтуынша, сотта қайтыс болған мерзімді сарбаздың аузында және іш киімінде басқа біреудің еркек биоматериалдары бар екендігі дәлелденді, бірақ ол дәлел Пралиевтың қорғаушысына тиесілі емес.
"Биологиялық сараптама жүргізген ең басты сот сарапшысы - Кудеренова сөз сөйледі. Ол сотта марқұмның ауыз қуысында, футболка мен іш киімде сперматозоидты тапқанын дәлелдеді. Бұл қазірдің өзінде дәлелденген. Бұл сперматозоидтар менің қорғаушыма тиесілі емес еді. Олар екі әскери қызметкерді тапты, бірақ олар іс бойынша куәгерлер ретінде ғана тартылды. Қылмыстық кодекстің екі бабына қатысты 105, 2-бөлім және 451, 2-бөлімі бойынша оны ақтап, істі Оңтүстік округтің әскери тергеу басқармасына қайтарды. Кінәлілер табылсын", - деді Сержан Пралиев.
Оның айтуынша, егер сот Қазақстан Қылмыстық кодексінің осы екі бабы бойынша оның қорғаушысының кінәсіздігін дәлелдей алмаған жағдайда, оған әлдеқайда қатал жаза қолданылуы мүмкін еді. Прокурор Нұртаевты барлық айыптар бойынша кінәлі деп тануды және оған 11 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.
"Бүгін, 24 тамызда, менің қорғаушым дәл бір жыл қамауға алынды. Бұл уақыт жаза мерзімінде бір жарым күн ретінде есептеледі. Яғни, қазіргі уақытта ол бір жарым жыл жазасын өтеген деп есептеледі. Үкімге біз шағымданамыз, бірақ ол заңды күшіне енсе де, ол бес айдан кейін шартты жаза бойынша шығады", - дейді Сержан Пралиев.
Бұл ретте ол өзі де, оның қорғаушысы да соттың үкіміне апелляциялық сатыда шағымданатындарын айтты. Себебі, олар әлі күнге дейін жаза тағайындалған екі бап бойынша айыптауды тергеу кезінде ойлап тапты деп санайды.
"Кінә таққан екеуі тек бес айдан кейін ғана шағымданған. Оқиға былтыр 12 тамызда болған. Ал шағымды биыл 5 қаңтарында ғана жазды. Олар неге 5 ай күткендерін түсіндіре алмайды. ( ... ) Шын мәнінде, бұл әскери қызметшілердің бірі менің қорғаушымнан заставадан демалуға кетіп бара жатқанда оған форма сатып алуды өтінген. 12 тамызда оған 10 мың теңге аударылды. Қорғаушым ол киімді сатып алған. Ал әскери қызметкер олардан бопсалағанын айта бастады. Тіпті ол 10 мың теңгені бейнекамераға да түсірген. (Нұртаев – Sputnik) Бопсалаған адам камераға түсіре ме", - дейді адвокат Сержан Пралиев.
Праливетің айтуынша, қорғаушысы екі солдатты ұрғаны дәлелденбеген. Тек құрғақ сөз жүзінде ғана айтылған.
"Яғни, бұл екі бап – 194 "Бопсалау" және 451, 1 – бөлім "Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" баптары да болмас еді, менің қорғаушым ақталып шығар еді. Тергеу барысында өліммен еш байланысы жоқ екі баппен бес айдан соң іс қозғап, қорғаушымды кәнілң етті", - деп қорытындылады Сержан Пралиев.
Еске сала кетейік,2022 жылдың тамызында Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында 18 жастағы мерзімді сарбаз Бекбол Мираш суицид жасады.
Бастапқыда отбасына сарбаздың сүйіктісімен ұрысқаны туралы хабарланған, сондықтан ол қолын өзіне қойған. Алайда, солдат қызға берген хабарламаларында қорқып жүргенін айтып жазған. Марқұм сарбаз бен қызының арасында жанжал болмаған.
Содан кейін оның өліміне сол заставаның бөлімше командирі күдікті ретінде танылып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Тергеу нәтижелерімен келіспей, айыпталушының адвокаты Сержан Пралиев БАҚ алдында сөз сөйлеп, тергеуде заң бұзылғанын айтып дабыл қақты.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама қаза тапқан мерзімді сарбаздың іш киімі мен аузынан сперматозоидтар табылғанын анықтады. Бұл ретте тергеу барысында тергеуші әскери қызметшіге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық нұсқасын қараудан бас тартты.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Өңірлер
"Шөлдала" заставасындағы сарбаз өлімі: бөлімше командирі бір бап бойынша ақталды
Жаңалықтар
0