https://sputnik.kz/20230824/sholdala-zastavasyndagy-sarbaz-olimi-bolimshe-komandiri-bir-bap-boyynsha-aqtaldy-37913780.html
"Шөлдала" заставасындағы сарбаз өлімі: бөлімше командирі бір бап бойынша ақталды
"Шөлдала" заставасындағы сарбаз өлімі: бөлімше командирі бір бап бойынша ақталды
Sputnik Қазақстан
Бөлімше командирі өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша ақталып шықты, бірақ қалған баптар бойынша кінәлі деп танылды 24.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-24T14:06+0500
2023-08-24T14:06+0500
2023-08-24T14:06+0500
өңірлер
сарбаз
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:205:2719:1734_1920x0_80_0_0_d36b81d7d431d5be05a8ce4474c33ca0.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Шымкент гарнизонының әскери сотында мерзімді қызметтегі сарбаз Бекбол Мираштың өзіне қол жұмсау ісі бойынша үкім шығарылды.Бұл іс бойынша бөлімше командирі Айбек Нұртаев сотталушы болған. Сот оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша ақтады, бірақ бопсалау мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.Нұртаев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді оның адвокаты Сержан Пірәлиев Sputnik Қазақстан тілшісіне.18 жастағы сарбаздың денесі мен киімінен өзге адамдардың биоматериалы табылған еді. Алайда бұл сұрақтың жауабы сол күйі белгісіз болып қалды."Шөлдала" заставасындағы сарбаз өліміБылтыр тамыз айында Жамбыл облысының "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш көз жұмды. Марқұмның отбасына оның өз-өзіне қол салғанын айтты.Сарбаздың өлімі бойынша заставаның бөлімше командиріне айып тағылды. Айыпталушының адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу кезінде заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеп, трагедияның жантүршігерлік мән-жайын баяндады.Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама қаза болған сарбаздың аузы мен ішкиімінде бірнеше адамның шәуеті болғанын көрсеткен. Бірақ өзі қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмаған.
https://sputnik.kz/20230816/sholdala-zastavasyndagy-sarbazdyn-olimi-bes-ofitser-qyzmetinen-bosatyldy-37734639.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_69f80c52bdd522d840f20d74b15a2246.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, сот үкімі
"Шөлдала" заставасындағы сарбаз өлімі: бөлімше командирі бір бап бойынша ақталды
Бөлімше командирі өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша ақталып шықты, бірақ қалған баптар бойынша кінәлі деп танылды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Шымкент гарнизонының әскери сотында мерзімді қызметтегі сарбаз Бекбол Мираштың өзіне қол жұмсау ісі бойынша үкім шығарылды.
Бұл іс бойынша бөлімше командирі Айбек Нұртаев сотталушы болған. Сот оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша ақтады, бірақ бопсалау мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.
Нұртаев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді оның адвокаты Сержан Пірәлиев
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
18 жастағы сарбаздың денесі мен киімінен өзге адамдардың биоматериалы табылған еді. Алайда бұл сұрақтың жауабы сол күйі белгісіз болып қалды.
"Шөлдала" заставасындағы сарбаз өлімі
Былтыр тамыз айында Жамбыл облысының "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш көз жұмды. Марқұмның отбасына оның өз-өзіне қол салғанын айтты.
Сарбаздың өлімі бойынша заставаның бөлімше командиріне айып тағылды. Айыпталушының адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу кезінде заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеп, трагедияның жантүршігерлік мән-жайын баяндады.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама қаза болған сарбаздың аузы мен ішкиімінде бірнеше адамның шәуеті болғанын көрсеткен. Бірақ өзі қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмаған.