Шөлдала заставасындағы сарбаздың өлімі: бес офицер қызметінен босатылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСрочная служба
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
Облыстық шекара қызметі депаратментінің бастығы, шекара басқармасының басшысы, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен застава басшысы жұмыстан шығарылды
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында болған оқиғадан кейін бес офицер жұмыстан қуылды. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі кадр, идеология және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Беріков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2022 жылы тамыз айында "Шөлдала" шекара заставасында 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш өз-өзіне қол салды. Бас кезінде ол қызымен ұрсысқаннан кейін суицид жасады деген ақпарат тараған. Алайда өз қызына жазған хабарламаларда қатты қорқып жүргені айтылған, онымен ұрсысқаны байқалмады.
"Өкінішке қарай, бізде ондай фактілер болды. Бұған дейін әскери қызметшіміздің өлімін талқыладық. Әрбір оқиға бойынша тыңғылықты қызметтік тергеу жүргізіледі. Ал кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жазаға тартылады. Соңғы оқиғадан кейін бес лауазымды тұлға қызметінен босатылды және біреуінің қызметі төмендетілді", – деді Беріков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, көп жағдайда отбасылық-тұрмыстық проблемалар, қарыздар мен лудомания сарбаздардың өз-өзіне қол салуына себеп болып жатады.
"Шекара қызметінде әлімжеттік жоқ", - деп атап көрсетті Беріков.

Шөлдаладағы сарбаздың өлімі

Бекбол Мираштың денесі ат қорадан табылды. Осыдан кейін бөлім командирі қамауға алынып, оған қатысты "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алайда күдіктінің адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу шараларымен келіспей, марқұмның аяқкиімінде және аузында өзге адамдардың биоматериалы анықталғанын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмаған. Ішкі істер министрлігі адвокатты этиканы бұзғаны үшін айыптады. Ал әскери прокуратура Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында болған сарбаздың суициді бойынша тергеуді қайта бастауға шешім қабылдаған еді.
Ал Бас әскери прокуратура "Шөлдала" шекара заставасында өзіне қол жұмсаған Бекбол Мираштың сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы дерек расталмағанын мәлімдеді.
Адвокат Сержан Пірәлиев тергеудің қалай жүргізілгенін де айтып берген.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Шөлдала заставасындағы суицид: адвокат тергеудің қалай жүргізілгенін айтты
Жаңалықтар
0