Қостанайдағы орман өрті: орман шаруашылығының экс-басшысы сот залынан босатылды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовный кодекс Казахстана
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
Асхат Жақашев төрт жылға бас бостандығын шектеу және белгілі бір лауазымдарды үш жылға атқару құқығынан айыру жазасына кесілді
АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында орман өртіне күдікті деп танылған Басаман орман шаруашылығының экс-директоры сот залында босатылды, деп хабарлайды ksnews.kz порталы.
Басаман орман шаруашылығының шаруашлығының экс-басшысы Асхат Жақашевке парақорлық жасап, салдарынан өрт болды деген айып тағылған болатын.
Еске сала кетейік, айыптау актісіне сәйкес, 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін орман шаруашылығының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, өрт қаупі бар кезеңде жеке меншік иелеріне рұқсат құжаттарынсыз орман ағаштарын кесуге мүмкіндік берген. Бұл үшін экс-басшы 15 млн теңгеден астам сыйақы алған.
Прокурор жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары бойынша Асхат Жақашевты жеті жылға бас бостандығынан айыруды және 21 млрд теңге сомасында өтемақы өтеуді сұрады.
Істі қарау кезінде Жақашевтың ісі Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-бабы бойынша "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша сотқа берілді. Сот бұл қылмыстың құрамын дәлелденбеген деп тапты. Жақашев "Немқұрайлылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Асхат Жақашев төрт жылға бас бостандығын шектеу және белгілі бір лауазымдарды үш жылға атқару құқығынан айыру жазасына кесілді. Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырған жоқ.
Істі соттың қарауы кезінде Жақашев қамауда болды. Үкімді естіген тыңдаушылар, яғни сотталушының туыстары мен жақындары қуанғаннан көз жастарын тия алмады.
Пожар в цеху, принадлежащем Казахскому обществу слепых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Тоқаев Қостанайдағы алапат өрт туралы кеш хабарланғанын айтты
Жаңалықтар
0