Тоқаев Қостанайдағы алапат өрт туралы кеш хабарланғанын айтты

© PhotoПожар в цеху, принадлежащем "Казахскому обществу слепых"
Пожар в цеху, принадлежащем Казахскому обществу слепых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин президентке Қостанай облысындағы алапат өрттің қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, 2 қыркүйек күні сағат 15:10-да Әулиекөл ауданындағы Басаман орман шаруашылығы аймағында өрт басталғаны туралы ақпарат түскен. Сол кезде орманшылар ағаштың өртке оранғанын хабарлаған. Алдымен тілсіз жау 2 мыңнан астам гектарға жайылды.
"3 қыркүйекте желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейді. Соның салдарынан өрт, алдын ала мәлімет бойынша, 43 мың гектарға тарап кетті. Қазір бес учаскеде өртті сөндіру жұмыстары атқарылып жатыр", - деді Ильин.
Оның сөзіне қарағанда, қауіпсіз жерге 1800 адам шығарылды. Қазіргі кезде эвакуация пунктінде 66 адам қалды, басқалары үйлеріне қайтты, я болмаса, туыстарының үйіне кеткен.
Ал президент өрттің басталғаны туралы хабардың кеш берілу себебін атады.
"Бұл техникалық проблема сияқты. Оны жаңа ғана айттық. Үкіметке осы проблеманы шешу тапсырылады. Қажетті техникалық құрал-жабдықтарды орнату қажет. Сонда өрттің шыққаны және жайылған аумағы туралы нақты ақпарат беру жағынан кешікпейміз", - деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ ерлік танытқан өрт сөндірушілерді наградаға ұсынуды тапсырды. Оған қоса, әрбіреуіне екі айлық көлемінде сыйақы беріледі. Үкімет тиісті қаулы әзірлейді.
Жаңалықтар
0