Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК бас хатшысын қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаГенсек СВМДА доложил Токаеву о реализации положений Астанинского заявления 2022 года
Генсек СВМДА доложил Токаеву о реализации положений Астанинского заявления 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 тамыз - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қайрат Сарыбай президентке ️Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қазіргі қызметі және алдағы даму перспективасын таныстырды.
Ол ️ұйымның 2022 жылғы 6-шы саммитінде қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесінде көрсетілген негізгі бағыттардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.
Бас хатшы Тоқаевқа форумның тұрақты институттарының жұмысы, орнықты өзара байланыс, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ Азия елдері кеңістігінде жастар арасындағы және білім саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымның Астанада өткен 6-шы саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екеніне назар аударды.
Ақорда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Тоқаев саммитке шақырғаны үшін Байденге ризашылығын білдірді
Жаңалықтар
0