https://sputnik.kz/20230823/toqaev-baydenge-rizashylygyn-bildirdi-37897561.html
Тоқаев саммитке шақырғаны үшін Байденге ризашылығын білдірді
Тоқаев саммитке шақырғаны үшін Байденге ризашылығын білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті... 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T17:50+0500
2023-08-23T17:50+0500
2023-08-23T17:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
ақш президенті
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_a66b55e8eb8e24584faceaf8a50863c4.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында "С5+1" форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін президент Джо Байденге ризашылығын білдірді.Өз кезегінде сенатор Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты."Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол Сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын", – деді АҚШ сенаторы.Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_cffc8a42bc3e8cba3c1d8c68aa124984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақш президенті
қасым-жомарт тоқаев, ақш президенті
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.
"Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және демократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де екі елдің мүддесіне сай келетін салалардағы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек", – деді президент.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында "С5+1" форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін президент Джо Байденге ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде сенатор Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
"Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол Сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын", – деді АҚШ сенаторы.
Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.