Алматыда құны 80 млн теңгеден асатын вейптер тәркіленді

© Photo : Pixabay / Электронная сигарета, вейп, иллюстративное фото
Электронная сигарета, вейп, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
Электронды темекінің 55 мың данасы табылды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында электронды темекінің 55 мың данасы тәркіленді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме бағамен сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын вейптер табылды. Электронды темекінің 55 мың данасы тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз", - дейді агенттік мамандары.
Система нагревания IQOS - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қатысты өз ойын айтты
Жаңалықтар
0