https://sputnik.kz/20230617/toqaev-veypter-men-elektrondy-sigaretterge-qatysty-oz-oyyn-aytty-36066425.html
Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қатысты өз ойын айтты
Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қатысты өз ойын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T15:13+0500
2023-06-17T15:13+0500
2023-06-17T15:13+0500
шылым
есірткі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18293082_0:51:2259:1322_1920x0_80_0_0_214ec2ff8425963fb228e94ce0a547a5.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанда вейптер мен электронды сигареттер мәселесі көптен бері талқыланып жатыр. Біреулер толығымен тыйым салу керектігін айтса, енді біреулер салығын арттыруды қолдайды. Биыл темекімен бірге вейптер де қымбаттады. Бүгін ұлттық құрылтайдың екінші отырысында президент те осы мәселені көтерді. Жастар арасында вейптер мен электронды сигареттер сәнге айналды. Ал жарнамада ондай тауарды қауіпсіз деп көрсетеді. "Шын мәнінде жастар өздеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Вейптер зиянды, одан кәдімгі есірткіге дейін бір-ақ қадам. Оған қарсы шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Шектеулермен ғана мәселе шешілмейді", - дейді Тоқаев. Осы орайда мемлекет басшысы нашақорлық мәселесіне де тоқталды. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Оның тамырына балта шабылмаса, болашағымыз бұлыңғыр. "Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр", - деп атап көрсетті Тоқаев. Қазақстанда 2016 жылдан бері есірткімен күрес жұмыстарын реттейтін арнайы құжат болған жоқ. Үкімет таяу күндері осы мәселе бойынша арнайы жоспарды қабылдайды. Осы құжаттың аясында жан-жақты жұмыс атқарылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18293082_75:0:2259:1638_1920x0_80_0_0_4abfc79cef586453719b6f1b15830ecd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шылым, есірткі, қасым-жомарт тоқаев
шылым, есірткі, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қатысты өз ойын айтты
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейптер мен электронды сигареттерге қарсы шұғыл шара қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстанда вейптер мен электронды сигареттер мәселесі көптен бері талқыланып жатыр. Біреулер толығымен тыйым салу керектігін айтса, енді біреулер салығын арттыруды қолдайды. Биыл темекімен бірге вейптер де
қымбаттады. Бүгін ұлттық құрылтайдың екінші отырысында президент те осы мәселені көтерді. Жастар арасында вейптер мен электронды сигареттер сәнге айналды. Ал жарнамада ондай тауарды қауіпсіз деп көрсетеді.
"Шын мәнінде жастар өздеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Вейптер зиянды, одан кәдімгі есірткіге дейін бір-ақ қадам. Оған қарсы шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Шектеулермен ғана мәселе шешілмейді", - дейді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы нашақорлық мәселесіне де тоқталды. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Оның тамырына балта шабылмаса, болашағымыз бұлыңғыр.
"Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Қазақстанда 2016 жылдан бері есірткімен күрес жұмыстарын реттейтін арнайы құжат болған жоқ. Үкімет таяу күндері осы мәселе бойынша арнайы жоспарды қабылдайды. Осы құжаттың аясында жан-жақты жұмыс атқарылады.