https://sputnik.kz/20230102/qazaqstan-temeki-veypter-qymbattady-30810090.html
Қазақстанда темекі мен вейптер қымбаттады
Қазақстанда темекі мен вейптер қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңа жылдан бастап темекі өнімдерінің акциздері көтерілді. Соның нәтижесінде баға да өсті, деп хабарлайды Sputnik... 02.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-02T11:49+0500
2023-01-02T11:49+0500
2023-01-02T11:49+0500
қоғам
темекі
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25735693_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_79c2d800cf1ce2e98530bce77c5e5e51.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңа жылдан бастап темекі өнімдерінің акциздері көтерілді. Соның нәтижесінде баға да өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Биыл темекі өнімдерінің бағасы тағы 60 теңгеге көтеріліп отыр. Қазіргі кезде бір 20 сигарет салынған бір бума темекінің бағасы 650 теңгеден басталады. Бұдан бөлек, вейптердің бағасы да өсті.Айта кетері, былтыр Салық кодексіне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Осылайша, алдағы үш жылда акциздер біртіндеп көтеріледі.Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25735693_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_00096ad4c310a8a41f8c36d8f6eb1d4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі
Қазақстанда темекі мен вейптер қымбаттады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңа жылдан бастап темекі өнімдерінің акциздері көтерілді. Соның нәтижесінде баға да өсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Биыл темекі өнімдерінің бағасы тағы 60 теңгеге көтеріліп отыр. Қазіргі кезде бір 20 сигарет салынған бір бума темекінің бағасы 650 теңгеден басталады. Бұдан бөлек, вейптердің бағасы да өсті.
Айта кетері, былтыр Салық кодексіне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Осылайша, алдағы үш жылда акциздер біртіндеп көтеріледі.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:
2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұрады.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:
2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.
Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:
2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;
2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;
2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.