https://sputnik.kz/20230822/qazaqstannyn-ontustiginde-qurgaqshylyqtan-egistik-alqaby-qurap-qaldy-37844695.html
Қазақстанның оңтүстігінде құрғақшылықтан егістік алқабы қурап қалды
Қазақстанның оңтүстігінде құрғақшылықтан егістік алқабы қурап қалды
Sputnik Қазақстан
Жамбыл облысында дәнді дақылдар себілген 7,8 мың гектар зардап шеккен 22.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-22T09:44+0500
2023-08-22T09:44+0500
2023-08-22T10:43+0500
егін
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/old/881/18/8811841_0:314:3083:2048_1920x0_80_0_0_52dbd0019fcd230afec2abf6ed20f529.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Биыл вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылыққа және суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаға тап болды, бұл дақылдардың жай-күйіне әсер етті, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінде дәнді дақылдар егісінің 45,1%-ы (7,8 млн.га) жақсы, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн. га) және 7,5%-ы нашар жай-күйде (1,3 млн. га).Министрдің айтуынша, қазір өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығынын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Ол республиканың барлық өңірінде жаппай егін жинау басталғанын атап өтті.Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24,0 млн га құрайды. Оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады.Әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша, бидай жиналатын алаң 13,7 млн гектарды құрайды, оның ішінде 1,5 млн гектардан астық жиналды, өнімділігі гектарына 11,8 центнер болып, 1,8 млн тонна астық бастырылды.
https://sputnik.kz/20230817/zhambyl-oblysyndagy-qurgaqshylyq-sharualarga-kelgen-shygyn-3-mlrd-tengeden-asady-37736569.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/18/8811841_352:0:3083:2048_1920x0_80_0_0_348c8ea227007912b363568a9e85d905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егін, ауыл шаруашылығы
Қазақстанның оңтүстігінде құрғақшылықтан егістік алқабы қурап қалды
09:44 22.08.2023 (жаңартылды: 10:43 22.08.2023) Жамбыл облысында дәнді дақылдар себілген 7,8 мың гектар зардап шеккен
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Биыл вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылыққа және суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаға тап болды, бұл дақылдардың жай-күйіне әсер етті, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінде дәнді дақылдар егісінің 45,1%-ы (7,8 млн.га) жақсы, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн. га) және 7,5%-ы нашар жай-күйде (1,3 млн. га).
"Бұл ретте 181 мың гектар немесе астық дақылдарының 1%-ы жойылған, бұл негізінен Павлодар облысында тіркелді. Бұл ретте көрсеткіш орташа көпжылдық көрсеткіштен (2,4%) төмен екенін атап өтеміз. Сондай-ақ, Қырғызстан жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратынша шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті, оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрайды", -деді Қарашөкеев үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, қазір өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығынын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ол республиканың барлық өңірінде жаппай егін жинау басталғанын атап өтті.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24,0 млн га құрайды. Оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады.
Әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша, бидай жиналатын алаң 13,7 млн гектарды құрайды, оның ішінде 1,5 млн гектардан астық жиналды, өнімділігі гектарына 11,8 центнер болып, 1,8 млн тонна астық бастырылды.