https://sputnik.kz/20230822/ortengen-shakhtanyn-600-den-astam-qyzmetkeri-basqa-kasiporyndarga-auystyryldy-37876016.html
Өртенген шахтаның 600-ден астам қызметкері басқа кәсіпорындарға ауыстырылды
Өртенген шахтаның 600-ден астам қызметкері басқа кәсіпорындарға ауыстырылды
Sputnik Қазақстан
Жағдай өте күрделі: жоғары температура, адамдар жете алатын жерлерде шамамен 65 градус ыстық 22.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-22T19:32+0500
2023-08-22T19:32+0500
2023-08-22T19:32+0500
шахта
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. "Қазақстан" шахтасының 600-ден астам қызметкері көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігі.Қазіргі күні барлық жауапты сала мамандарының басты міндеті – өртті сөндіру. Алайда бұған қанша уақыт кететіні белгісіз.Өртті сөндіру үшін гипс көпірлер салынып жатыр."Гипс көпірлерін салу арқылы тау-кен қазбалары желісін оқшаулау туралы шешім қабылданды. Кешегі күннен бастап біз осы жоспар бойынша жұмыс істей бастадық. Бүгінгі таңда материалдар шахтаға жеткізілді, өртті оқшаулау үшін инженерлік құрылыстар салынып жатыр", – деп түсіндірді Геннадий Силинский.Ол бөгеттер саны жағдайға байланысты реттелетінін айтты.Бүгінгі таңда шахтаның 600-ден астам қызметкері Көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды. Қалғандары шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысуда және әскерилендірілген құтқарушыларға қажетті көмек көрсетіп жатыр.
https://sputnik.kz/20230822/qazaqstan-shakhtasyndagy-apatty-tergeuge-khalyqaralyq-sarapshylar-tartyldy-37875759.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
Өртенген шахтаның 600-ден астам қызметкері басқа кәсіпорындарға ауыстырылды
Жағдай өте күрделі: жоғары температура, адамдар жете алатын жерлерде шамамен 65 градус ыстық
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. "Қазақстан" шахтасының 600-ден астам қызметкері көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігі.
Қазіргі күні барлық жауапты сала мамандарының басты міндеті – өртті сөндіру. Алайда бұған қанша уақыт кететіні белгісіз.
"Бес бөлім жұмыс істеп жатыр. Жағдай өте күрделі: жоғары температура, адамдар жете алатын жерлерде шамамен 65 градус ыстық. Барлық дерлік қазбалар тау жынысы бойынша, сондай-ақ көмір бойынша жүргізілмеген, тиісінше өрт жайылып, тарап кеткен", - дейді "КӘАҚҚ РШО" ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский.
Өртті сөндіру үшін гипс көпірлер салынып жатыр.
"Гипс көпірлерін салу арқылы тау-кен қазбалары желісін оқшаулау туралы шешім қабылданды. Кешегі күннен бастап біз осы жоспар бойынша жұмыс істей бастадық. Бүгінгі таңда материалдар шахтаға жеткізілді, өртті оқшаулау үшін инженерлік құрылыстар салынып жатыр", – деп түсіндірді Геннадий Силинский.
Ол бөгеттер саны жағдайға байланысты реттелетінін айтты.
Бүгінгі таңда шахтаның 600-ден астам қызметкері Көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды. Қалғандары шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысуда және әскерилендірілген құтқарушыларға қажетті көмек көрсетіп жатыр.