Кейбір ЖЭО-да жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр – Смайылов

© Photo : Valeriy BUGAYEVАким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ
Аким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Жылу беру маусымына бір айдан астам уақыт қалды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов жылыту маусымында жылудың дер кезінде берілуін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер жылыту маусымының басталуына 1 айдан астам уақыт қалғанын атап өтті. Айтуынша, жалпы дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр.
"Жылудың дер кезінде берілуін қамтамасыз ету керек. Жүйелік оператор "KEGOC" компаниясы жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарының кестесін бекітті. Алайда кейбір өңірлерде бұл кестеден кешігу байқалып отыр. Кей жағдайларда жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру фактілері орын алуда. Сондықтан қыс уақытында осы объектілердің тұрақты жұмысында тәуекелдер туындауы мүмкін", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Мәселен, Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы тәуекел аймағында тұр.
Премьер проблемаларды шешу үшін Қазақмыс, Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшыларымен және иелерімен кездесулер өткізуді тапсырды.
Айтуынша, олардың объектілерінің көпшілігі қыс ерте түсетін солтүстік аймақта орналасқан. Сондықтан дайындық жұмыстарын күшейту керек.
Новая дымовая труба ТЭЦ Петропавловска отклонилась от оси  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Өңірлер
Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан жаңа мұржа қисайып кетті – барлық жұмыс шұғыл тоқтатылды
Жаңалықтар
0