https://sputnik.kz/20230811/petropavl-zheo-da-salynyp-zhatqan-zhana-murzha-qisayyp-ketti--barlyq-zhumys-shugyl-toqtatyldy-37565760.html
Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан жаңа мұржа қисайып кетті – барлық жұмыс шұғыл тоқтатылды
Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан жаңа мұржа қисайып кетті – барлық жұмыс шұғыл тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласында жылу электр орталығының түтін мұржасы өз осінен бір жағына қарай қисайып кетті. Қазіргі кезде барлық құрылыс... 11.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-11T09:16+0500
2023-08-11T09:16+0500
2023-08-11T09:16+0500
өңірлер
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0b/37562577_0:158:720:563_1920x0_80_0_0_cdaee424a98ee8fb10adc2b4378b9ece.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласында жылу электр орталығының түтін мұржасы өз осінен бір жағына қарай қисайып кетті. Қазіргі кезде барлық құрылыс жұмыстары шұғыл тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа нысан опырылып құлаған мұржаның орнына салынып жатыр. Оның қисайып бара жатқанын жергілікті тұрғындар байқап қалған. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті."Солтүстікқазэнерго" компаниясы мұржаның қисайып кеткенін растады.Мердігер компания - "ҚазжылуАРНАЙЫҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Қазіргі кезде мұржаны салу жұмыстары шұғыл тоқтатылды.Нысанды тексеру кезінде құбыр сырғымалы конустық қалыпта қисайып кеткені анықталды. Жобалық ұйым есеп-қисап жасауға кірісті. Мамандар мұржаны қай жерден құюға болатынын есептеп шығарады. Ал құрылысшылар конусты қалыпты бөлшектеу жұмыстарын бастады."Мамандар мұржаның қай жерге дейін дұрыс құйылғанын анықтайды. Одан кейін бетонды бұзып тастайды, жаңа қалып жасалады. Түтін мұржасының құрылысы қысқа уақыттың ішінде қайта басталады", - деп атап көрсетті компания қызметкерлері.Айта кетері, жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болады. Бұрынғы нысан 150 метрден аспаған. Құламаған тағы бір мұржаның қажеті болмай қалады. Жаңа нысан екеуін де алмастыра алады.Бұған дейін мұржаның 30 метрі салынған. Оның қай жерге дейін бұзылатыны әзірше белгісіз. Биыл темір-бетон діңгегі толығымен көтеріледі. Ал келесі жылы 1 түтін мұржасы іске қосылады.Петропавлдың бұрынғы мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Былтыр 20 наурызда әбден тозығы жеткен нысан опырылып құлады. Төтенше жағдай кезінде 38 жастағы әйел қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20230805/petropavl-zheo-2-kasipornyndagy-zhabdyqtardyn-535-tozgan--ministr-37304178.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0b/37562577_0:90:720:630_1920x0_80_0_0_574d268e54745daf41c104f6b51c19bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласында жылу электр орталығының түтін мұржасы өз осінен бір жағына қарай қисайып кетті. Қазіргі кезде барлық құрылыс жұмыстары шұғыл тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жаңа нысан опырылып құлаған мұржаның орнына салынып жатыр. Оның қисайып бара жатқанын жергілікті тұрғындар байқап қалған. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
"Солтүстікқазэнерго" компаниясы мұржаның қисайып кеткенін растады.
"8 тамызда "Солтүстікқазэнерго" АҚ-ның жаңа мұржаны тұрғызу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жауапты жұмысшылар мұржаның жобадағы сызықтың бойынан ауытқып кеткенін анықтады", - дейді компания мамандары.
Мердігер компания - "ҚазжылуАРНАЙЫҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Қазіргі кезде мұржаны салу жұмыстары шұғыл тоқтатылды.
Нысанды тексеру кезінде құбыр сырғымалы конустық қалыпта қисайып кеткені анықталды. Жобалық ұйым есеп-қисап жасауға кірісті. Мамандар мұржаны қай жерден құюға болатынын есептеп шығарады. Ал құрылысшылар конусты қалыпты бөлшектеу жұмыстарын бастады.
"Мамандар мұржаның қай жерге дейін дұрыс құйылғанын анықтайды. Одан кейін бетонды бұзып тастайды, жаңа қалып жасалады. Түтін мұржасының құрылысы қысқа уақыттың ішінде қайта басталады", - деп атап көрсетті компания қызметкерлері.
Айта кетері, жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болады. Бұрынғы нысан 150 метрден аспаған. Құламаған тағы бір мұржаның қажеті болмай қалады. Жаңа нысан екеуін де алмастыра алады.
Бұған дейін мұржаның 30 метрі салынған. Оның қай жерге дейін бұзылатыны әзірше белгісіз. Биыл темір-бетон діңгегі толығымен көтеріледі. Ал келесі жылы 1 түтін мұржасы іске қосылады.
Петропавлдың бұрынғы мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Былтыр 20 наурызда әбден тозығы жеткен нысан опырылып құлады. Төтенше жағдай кезінде 38 жастағы әйел қайтыс болды.