https://sputnik.kz/20230822/aes-salu-bugin-ulken-auylynda-talqylau-otedi-37842612.html
АЭС салу: Бүгін Үлкен ауылында талқылау өтеді
АЭС салу: Бүгін Үлкен ауылында талқылау өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өтеді, деп... 22.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-22T08:45+0500
2023-08-22T08:45+0500
2023-08-22T10:44+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/115/61/1156102_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_6a54777ed782d1a0903d3c8daf649329.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өтеді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.21 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде және ресми сайтында, сондай-ақ Атамекен газетінде (№28) барлық ниет білдірушілерді талқылауға қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды жариялады.Еске сала кетейік, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы ұсынылды. Зерттеу нәтижелері 2022 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды.Қазақстан Республикасы "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңының 12-бабына сәйкес Үкіметтің АЭС орналастыру ауданын таңдау туралы тиісті шешімін қабылдау үшін аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттың) келісімі талап етіледі. Осыған байланысты Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі тұрғындардың өз аумағында АЭС салу мәселесіне қатынасын анықтау мақсатында осы талқылауларға бастамашылық жасады.Тыңдауларда экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың АЭС-ке әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.Тыңдауға халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС, Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы, Қазақстанның ядролық қоғамы және экология, сейсмика, қауіпсіздік, энергетика, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес және т.б. салалардағы салалық сарапшылар қатысады.Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарын қоя алады.Осы жария талқылаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар болып табылмайтынын атап өтеміз. Қоғамдық тыңдаулар жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін жобаны экологиялық бағалау кезеңдерінде кейінірек өткізілуі тиіс. Төмендегі кестеде қоғамдық талқылаулар мен қоғамдық тыңдаулар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
https://sputnik.kz/20230817/qazaqstanda-aes-qay-zherde-salynatyny-anyqtaldy-37741271.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/61/1156102_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_e899c06ae501269f8e17498b3f34a4e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өтеді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
21 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде және ресми сайтында, сондай-ақ Атамекен газетінде (№28) барлық ниет білдірушілерді талқылауға қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды жариялады.
Еске сала кетейік, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы ұсынылды. Зерттеу нәтижелері 2022 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды.
Қазақстан Республикасы "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңының 12-бабына сәйкес Үкіметтің АЭС орналастыру ауданын таңдау туралы тиісті шешімін қабылдау үшін аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттың) келісімі талап етіледі. Осыған байланысты Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі тұрғындардың өз аумағында АЭС салу мәселесіне қатынасын анықтау мақсатында осы талқылауларға бастамашылық жасады.
Тыңдауларда экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың АЭС-ке әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Тыңдауға халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС, Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы, Қазақстанның ядролық қоғамы және экология, сейсмика, қауіпсіздік, энергетика, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес және т.б. салалардағы салалық сарапшылар қатысады.
Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарын қоя алады.
Осы жария талқылаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар болып табылмайтынын атап өтеміз. Қоғамдық тыңдаулар жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін жобаны экологиялық бағалау кезеңдерінде кейінірек өткізілуі тиіс. Төмендегі кестеде қоғамдық талқылаулар мен қоғамдық тыңдаулар арасындағы айырмашылық көрсетілген.