Қазақстанда АЭС қай жерде салынатыны анықталды

© Sputnik / Николай Лазаренко / Медиабанкке өтуРовенская АЭС в Украине
Ровенская АЭС в Украине - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
АЭС құрылысына жауапты шетелдік компаниялардың тізімі шықты
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясы салынатын жер таңдалды. Енді жергілікті халықтың қатысуымен жария талқылау өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Атом электр станциясы құрылысы үшін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы ең қолайлы жер ретінде таңдалды. Осы саладағы әлемдік тәжірибе де зерделенді. Соның негізінде ядролық технологияларды жеткізе алатын компаниялардың тізімі жасалды. Олар:
HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;
APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;
ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;
EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы.
Өткен жылы зерттеу нәтижелері атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып мақұлданды. "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңның 12-бабына сәйкес, ядролық қондырғыларды салу және салу ауданы туралы шешімді жергілікті өкілді органдардың келісімімен үкімет қабылдайды. Бұл ретте жергілікті өкілді орган – мәслихат.
2022 жылы қарашада Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі жария талқылаулар өткізуге бастамашылық жасады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылындағы (Жамбыл ауданы) мектеп ғимаратында өтеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Қоғам
АЭС құрылысы: қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды
Жаңалықтар
0