https://sputnik.kz/20230821/politsiya-qazaqstan-shakhtasyndagy-ort-qasaqana-qoyyldy-degen-qauesetti-zhoqqa-shygardy--37829084.html
Полиция "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылды деген қауесетті жоққа шығарды
Полиция "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылды деген қауесетті жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары өрттің нақты себебі тергеуден кейін белгілі болатынын айтты 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T15:28+0500
2023-08-21T15:28+0500
2023-08-21T15:28+0500
қоғам
шахта
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37746500_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7bfd56a862a64bfdbefb4bde8fa2f37b.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.Желіде тараған ақпаратта полицияға сілтеме жасалған, алайда департамент қызметкерлері мұны фейк деп отыр.Құқық қорғаушылар облыс тұрғындарын қауесет пен арандатуға ермеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды."Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деп толықтырды полициядағылар.Атап өтсек, бұл бап бойынша 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, сол көлемде түзету жұмыстары, не 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20230820/qutqarushylar-qazaqstan-shakhtasynda-qaza-bolgan-besinshi-kenshinin-denesin-tapty-37803575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37746500_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_35cccb48811964f630e5cdc4d7c48531.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, өрт
Полиция "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылды деген қауесетті жоққа шығарды
Тәртіп сақшылары өрттің нақты себебі тергеуден кейін белгілі болатынын айтты
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Желіде тараған ақпаратта полицияға сілтеме жасалған, алайда департамент қызметкерлері мұны фейк деп отыр.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар жасалады, соның нәтижесінде өрттің себебі анықталады", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Құқық қорғаушылар облыс тұрғындарын қауесет пен арандатуға ермеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
"Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деп толықтырды полициядағылар.
Атап өтсек, бұл бап бойынша 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, сол көлемде түзету жұмыстары, не 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.