Қоғам

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
Мүлік салығы жылына бір рет, 1 қазанға дейін төленеді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мүлік салығын төлеп қойған қазақстандықтарға коммуналдық төлем шоты арқылы салықты тағы да төлеу керектігі туралы хабарламалар келіп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе деген сауалға жауап берді.
МКК ақпаратынша, мүлік салығы жылына бір-ақ рет төленеді.
"Егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын биыл төлеп қойсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, осы жылдың 1 қазанына дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек", - деп түсіндірді салық органдары.
Қазақстандықтар төлеген төлемнің түскендігін немесе салық сомасын өз бетінше біле алады:
Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық қызметтер" бөлімінде, "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" қосымша бетінде;
"e-Salyg Azamat" қосымшасында "Электрондық қызметтер" бөлімінде "ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі";
E-gov порталында немесе "eGov mobile" мобильді қосымшасында "Салық салу" бөлімінде "Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" бөлімінде;
банктік қосымшалар арқылы (Төлемдер/Алдағы салықтарды төлеу).
қарыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Қоғам
Бір миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша берешегі бар
Жаңалықтар
0