Қоғам

Бір миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша берешегі бар

© © Sputnik / Абзал Калиевқарыз
қарыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. 1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңге болатын қарызы бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, оның 27,9 млрд теңгесі – көлікке салынатын салық бойынша қарыз.

"Осы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан кезінде борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін", - делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ жеке сот орындаушылары борышкерден берешек сомасынан бөлек сол қарыздың 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.
Салық бойынша берешектің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан тексеруге болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Қоғам
Көлік салығын төлемеген қазақстандықтарға өсімпұл есептеледі
Жаңалықтар
0