Өңірлер

Шарын шатқалында әйел жартастан құлап кетті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаШарын шатқалында құлаған ресейлік
Шарын шатқалында құлаған ресейлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында жартастан құлаған Ресей азаматын құтқарды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 тамызда болған.
"Түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1990 жылғы Ресей азаматын жартастан эвакуациялады. Әйел Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған", - дейді ведомстводағылар.
Ресейлік Шарын шатқалына 19 тамыз кешкі алтылар шамасында Алматыдағы достарымен бірге келген.
Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07:17-де әйел құтқарылды.
Алматы облыстық ТЖ департаменті азаматтарды серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Өңірлер
Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды
Жаңалықтар
0