https://sputnik.kz/20220411/almaty-tau-erli-zayyptylar-24117191.html
Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды
Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Туристер қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалған 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T09:54+0500
2022-04-11T09:54+0500
2023-08-09T12:39+0500
өңірлер
алматы
тау
құтқарушылар
туристер
https://sputnik.kz/img/07e5/09/18/18220866_35:0:1246:681_1920x0_80_0_0_e4c53dbcc71d84b0afed6626e7c39b7b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты қызметтік иттің көмегімен табылды.10 сәуірде түнде республикалық жедел құтқару отрядына шақырту келіп түсті. Кім-Асар шатқалында ер адам мен әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама жіберілді. Жедел құтқару тобы мен кинологтар тауға аттанған.Бұл уақытта жоғалғандармен ұялы байланыс та орнатылды. Сол арқылы олардың орналасқан жері анықталды. Құтқарушылар сол маңға жақындағанда Эра есімді қызметтік ит бірінші болып адамдардың дауысын естіп, сол жаққа қарай жүгіріп үре бастайды.Туристердің қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалғаны анықталды. Қараңғы түсіп кеткендіктен олар бағытынан жаңылып, киімдері лайық болмағандықтан малмаңдай су болып тоңып қалған.Иттің мойнына жарық шашатын арнайы қарғыбау кигізілген. Сондықтан туристер одан қорыққан жоқ. Өздеріне көмек келе жатқанын түсінген.Жедел құтқару жасағы туристерге жылы киім беріп, қалаға жеткізді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/18/18220866_186:0:1094:681_1920x0_80_0_0_296733f91be8e3a79490a3d289047582.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау, құтқарушылар, туристер
алматы, тау, құтқарушылар, туристер
Алматыда тауда жоғалған ерлі-зайыпты құтқарылды
09:54 11.04.2022 (жаңартылды: 12:39 09.08.2023) Туристер қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты қызметтік иттің көмегімен табылды.
10 сәуірде түнде республикалық жедел құтқару отрядына шақырту келіп түсті. Кім-Асар шатқалында ер адам мен әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама жіберілді. Жедел құтқару тобы мен кинологтар тауға аттанған.
Бұл уақытта жоғалғандармен ұялы байланыс та орнатылды. Сол арқылы олардың орналасқан жері анықталды. Құтқарушылар сол маңға жақындағанда Эра есімді қызметтік ит бірінші болып адамдардың дауысын естіп, сол жаққа қарай жүгіріп үре бастайды.
Туристердің қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалғаны анықталды. Қараңғы түсіп кеткендіктен олар бағытынан жаңылып, киімдері лайық болмағандықтан малмаңдай су болып тоңып қалған.
Иттің мойнына жарық шашатын арнайы қарғыбау кигізілген. Сондықтан туристер одан қорыққан жоқ. Өздеріне көмек келе жатқанын түсінген.
Жедел құтқару жасағы туристерге жылы киім беріп, қалаға жеткізді.